Елдігіміздің нышаны саналатын мемлекеттік рәміздерге биыл 30 жыл толады. Осы аралықта Ту, Елтаңба және Әнұранды алты құрлық таныды. Талай алқалы бас қосу мен дүбірлі додада тұғыры биіктеп, әнұранымыз қалықтады. Биылғы айтулы датаға орай еліміздің түкпір түкпірінде рәміздерді ұлықтайтын түрлі шаралар өтіп жатыр.
Көк туды желбіреткен сәбилер Өскемендегі қазақ тілінде ашылған- «Қарлығаш» балабақшасының өрендері. Тәуелсіздікпен түйдей құрдас мекеме биыл 30 –шы түлектерін мектепке шығарып салды. Балабақшада өтетін елдікке қатысты әрбір шарада мемлекеттік рәміздер ұлықталады.
Отан от басынан басталады. Бүлдіршіндер отансүйгіштік дегеннің не екенін балабақшадан үйреніп барады. Бұл ертең мектеп табалдырғын аттағанда да іргетасы дайын деген сөз. Ту, Елтаңбаның авторын және әнұранды жатқа біледі.
Қарлығаш Атыманова, «Қарлығаш» балабақшасының директоры:
Бірінші кезекте біздің республикамыздың рәміздері балалар оны жақы біледі. Әнұранды жатқа айта алады. Еліміздің жалпы ерекшелігін сыипаттайтын патриоттық әндердің бірнешеуін де айта алады деп айтуға болады.
Мемлекеттік рәміздерді насихаттауға қатысты танымдық шараларды қалалық кітапханалар желісі де өткізіп жатыр. Рәміздердің тарихынан ақпарат беретін көрме ұйымдастырылды. Оған "Жеті жарғыдан" бастап хандық дәуірдегі туларға қатысты материалдар қойылған. Кітапханашылар бұл көрмені жаз бойы көшпелі түрде өткізіп тұрмақ.
Жанат Жиенбекова, О.Бөкеев атындағы қалалық орталық кітапхана директорының орынбасары:
Оқу мекемелерінің бәріне барып, интерактивті жүргіземіз. Жазғы лагерь бар. Сонда осы жазғы лагердің балалары бәрі қазірден бастап тізімге тұрып қойды деп айтуға болады.
Елдіктің басты нышаны рәміздерді ілу мемлекеттік мекемелерге міндет. Ал оларды дәріптеуге ешбір тиым жоқ.Тек орнымен пайдалану парыз.
Көпқабатты үйлердің терезесінен балкондарына қарап тұрып шынымен көңіліміз қуанады. Бұл біздің отансүгіштігімізіге көк туымызға деген құрметімізге алып келіп соғады.
Біздің туымыз, осы әлемдік тулардың ішіндегі мағанасы терең бір көркем әдемі тулардың бірі. Біз оны неге көрсетпеске? Паш етпеске?
Өскеменнің шығыс жағындағы «Қазақстан» тауына оншақты жыл бұрын алып тутұғыр орнатылған. Ол жерде ені 6, ұзындығы 12 метр болатын көкбайрақ жыл он екі ай желбіреп тұрады.Тек ту емес елтаңба мен әнұранның мәтіні де ту тұғырдың астына мәрмарға қашалған.
Олжас Керейхан, тілші:
Соңғы жылдары Өскеменнің көшелерін көріктендіруде тарих пен тәуелсіздіктен сыр шертетін символдық мәні бар дүниелерге басымдық беріле бастады. Менің сыртымдағы көпқабатты үйлердің балкондарының мемлекеттік туды әспетей отырып безендіруінде үлкен мән жатыр. Яғни ту тірегің, елтаңба елдігің!
Олжас Керейхан