Қостанайдағы дәмханалардың бірінде заңсыз құмар ойындары өткізілетін орын анықталды. Жасырын әрекет еткен казинодан ойын столы, фишкалар, «покер» ойнайтын карталар және ақша табылып, тәркіленді. Ойынхана жұмысын ұйымдастырушылар мен олардың сыбайластары, сот шешімімен жауапқа тартылып, 2 жыл 3 айға сотталды. Заттай айғақ ретінде тәркіленген мүліктің барлығы жойылды.
Әлібек Абдилов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі баспасөз қызметінің өкілі:Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды патологиялық құмар ойындарға тәуелділіктен қорғау мақсатында, тұрақты негізде заңсыз ойын ойнау пункттерін анықтап, бұғаттау шараларын жалғастыратын болады.
Дәуренбек Әбдібек