Маймыл шешегі инфекциясы табылған елдер саны 18-ге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маймыл шешегі инфекциясы табылған елдер саны 18-ге жетті

25.05.2022

Маймыл шешегі инфекциясы әлемнің тағы үш елінен табылды. Олар – Біріккен Араб Әмірліктері, Чех Республикасы және Словения. Осылайша жұқпалы инфекция жеткен мемлекеттердің жалпы саны 18-ге жетіп отыр. Оларда маймыл шешек 250-ден астам адамнан анықталды.

Бұл сан әрі қарай өсуі мүмкін. Бірақ мамандар маймыл шешегінің ауыздықталатынын және оның көпшілікке қауіптілігі төмен екенін мәлімдеп отыр. Ал Германия осы ауруға шалдыққандарды емдеуге 40 мыңдай вакцина әзірлемек. Оны «Бавариян Нордик» компаниясы жетілдіріп жатыр.

Әдетте Африкада тарайтын вирус бүгінге дейін Германияда бес ер адамнан анықталған. Мұны инфекциялық ауруларды зерттейтін Роберт Кох институты хабарлап отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу