Оралда кірістер департаментінің бас маманы 40 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда кірістер департаментінің бас маманы 40 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

25.05.2022

Оралда облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы 40 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мәліметінше, ол бір серіктестік директорынан кәсіпорын пайдасына салықтық тексерудің оң актісін шығарғаны үшін ақша алуы мүмкін. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу мүддесіне орай өзге деректер жария етілмейді. Соңғы шешімді сот шығарады.

Сонымен қатар Тараз қаласында коммуналдық меншіктерді жалға беру орталығының бұрынғы директоры алаяқтық жолмен 300 млн теңгенің нысанын туысқандарының атына жазып жібрген. Оның заңсыз әрекеті әшкере болған соң барлық нысан мемлекет меншігіне қайтарылды. Күдіктіге 9 жылдан астам бас бостандығынан айыру туралы сот үкімі шыққан. бірақ ол әлі күшіне енген жоқ.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу