Мемлекет басшысы өз үндеуінде әлемдік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, COVID-19 пандемиясына қатысты жағдай мен Украинадағы оқиғалар әлемдік экономиканың бөлшектенуіне түрткі болды. Бұл Еуразия құрлығында жаңа геосаяси сынаққа алып келді.
Сондай-ақ, Президент еліміздің әлемдік нарықтарға тауарларды, шикізатты және ауыл шаруашылығы өнімдерін үздіксіз жеткізу ісін қамтамасыз етуде сенімді серіктес болып қала беретінін мәлімдеді.
«Жасыл» экономиканы дамыту, энергетиканың тиімділігін арттыру және жаңартылатын энергия секторын өркендету біздің Көміртегін төмендету жөніндегі стратегиямыздың басымдықтары саналады. Бұл 2060 жылға қарай қалдықтарды мүлде жоюға оңтайлы жол ашады», – деді Қазақстан Президенті.