Елордада жастарға саяси жаңғырудың тетіктері түсіндірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада жастарға саяси жаңғырудың тетіктері түсіндірілді

24.05.2022

Бүгін Елордада колледж студенттеріне референдумның мақсаты мен Ата заңға енгзілетін жаңа өзгерістердің тетіктері түсіндірілді. Жиынға қатысушыларға Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев алдағы саяси науқан - Қазақстанның дамуындағы жаңа дәуір екенін атап өтті. Сондай-ақ, ашық алаңда диалог жүргізген студенттер өздерін толғантқан сұрақтарына жауап алды.

Ақылбек Күрішбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Бұл референдумның маңыздылығын әуелі біз жастраға түсіндіруміз керек. Қоғам бұл өзгерістерге өздері қатыса алады. Мемлекеттегі күрделі өзгерістерге бір топ билік өкілдері емес, енді халықтың қатысуына мүмкіндігі бар.


Хабарламаларға жазылу