Елде биыл 600-ден лауазымды адамның жемқорлық жасағаны әшкере болды - Олжас Бектенов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде биыл 600-ден лауазымды адамның жемқорлық жасағаны әшкере болды - Олжас Бектенов

24.05.2022

Елде биыл 600-ден аса лауазымды адамның жемқорлық жасағаны әшкере болды. Олардың 100-ден астамы әртүрлі деңгейде басшылық қызметтер атқарған. Президент қабылдауында болған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы осылай деді. Олжас Бектенов биыл 5 айда мыңнан аса жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс тіркелгенін айтты. Бюджетке 220 млрд теңге қайтарылған. Агенттік бизнеске заңсыз араласудан қорғау тетігін қалыптастыру үшін бірқатар шара қабылдап жатыр. Енді тергеп-тексерудің басталуы мен кәсіпкерлерге қатысты кез-келген тергеу орталық аппараттың келісімі арқылы жүзеге асуы тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты күшейту жөнінде бірқатар тапсырма берді. 

Хабарламаларға жазылу