Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында екі жеткіншек суға батып кетті. 10 жастағы 2 баланың мәйіті Бөген өзенінен табылды. Жергілікті полицияның мәліметінше, тәртіп сақшыларына хабарласқан ата-анасы өзенге шомылуға кеткен ұлын таппай қалғанын айтып, көмек сұраған. Өйткені Шалдар ауылының маңындағы «Бөген» өзенінің 2 метр тереңдіктегі жеріне түскен жасөспірімдер судан шықпай қалған. Қасында болған екі бала көмекке ауылдастарын шақыртыпты. Оқиға орнына полицейлер мен Төтенше жағдай қызметінің 34 маманы және 11 техника жұмылдырылған. Бірнеше сағатқа созылған іздестіру шаралары нәтижесінде екеуінің де мәйіті судан табылған. Ал, өзен жағасында балалардың киімдері мен велосипедтері қалған. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша тергеп-тексеру шаралары жүргізілуде.
Айнұр Ақбаева