Қазақстандықтардың 72 пайызы конституциялық түзетулер бойынша референдум өткізу идеясын қолдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтардың 72 пайызы конституциялық түзетулер бойынша референдум өткізу идеясын қолдайды

23.05.2022

Қазақстандықтардың 72 пайызы конституциялық түзетулер бойынша референдум өткізу идеясын қолдайды. Мұны әлеуметтік онлайн-сауалнама нәтижесі көрсетті. Орталық коммуникациялар қызметі халықтың алдағы саяси шараға деген көзқарасын, жалпы қоғамның пікірін саралап отырады. Соңғы сауалнамаға қатысқандардың 78 пайыздан астамы, референдум 5 маусымда өтетінін біледі. 69 пайызға жуығы дауыс беруге баруды жоспарлап отыр.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу