Қарағанды облысында 5 адам бруцеллез жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында 5 адам бруцеллез жұқтырған

23.05.2022

Қарағанды облысында жыл басынан бері, 5 адам бруцеллез жұқтырған. Олар Теміртау, Шахтинск қалалары мен Абай ауданының тұрғындары. Барлығы да дұрыс қайнатылмаған сүт пен одан жасалған тағамдардан індетті жұқтырып алғаны анықталды. Жалпы облыс бойынша биыл Шет, Бұқар жырау, Осакаров, Абай аудандарында 400-ге жуық сиыр мен ұсақ малдың бруцеллезбен ауырғаны белгілі болды. Ветеринарлар барлық ауру ошақтарында дезинфекциялау, індеттің таралуына жол бермеу шараларын жүргізді. Мамандар қора-қопсыны уақтылы тазалауды, мал терісі мен жүнін шашпауды, ет пен сүт тағамдарын дұрыс қайнатып тұтынуды ұсынады.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу