Талдықорған-Өскемен тасжолындағы апат: «Қазавтожол» компаниясы қызметтік тексеріс бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорған-Өскемен тасжолындағы апат: «Қазавтожол» компаниясы қызметтік тексеріс бастады

23.05.2022

Алматы облысында нөсер жауыннан соң Талдықорған-Өскемен тасжолының бір бөлігін су шайып кетті. Толассыз жауған жаңбыр таудағы қарды ерітіп, алапат тасқынға ұласқан. Ол республикалық маңызы бар жолдың 395-ші шақырымындағы суағар көпірді бұзып кетті.

Енді жүргізушілер мен жолаушылар діттеген жеріне жету үшін 200 шақырымнан аса жолды айналып өтуі керек. Қазір құзырлы органдар мен мердігер мекеме жұмысшылары апат салдарын жоюға тырысып жатыр. Басты мақсат - тезірек қозғалысты қалпына келтіру. Оқиға орнына жеткен «Қазавтожол» Ұлттық компаниясы өкілдері қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады. Сондай-ақ кеше Кербұлақ ауданының Байғазы және Қоғалы ауылымен де сел жүріп өтті. Таудан аққан су бірнеше көшені шайып, аулаға кірген. Ал облыс бойынша жауын-шашын әлі жалғасады деген болжам бар.


Хабарламаларға жазылу