Балалар арасында көз және омыртқа ауруына шалдығу жиілеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балалар арасында көз және омыртқа ауруына шалдығу жиілеген

21.05.2022

Балалар арасында соңғы кезде көз және омыртқаның түрлі ауруына шалдығу жағдайы жиілеген. Бұл балдырғандарды жаппай скринингтен өткізу барысында анықталып отыр.
Бүгін Елордадағы №1 қалалық емханада балалар жылына орай ашық есік күні өтті. Емдеу мекемесі жыл басталғалы бері 2200-ден астам жеткеншекті медициналық тексеруден өткізген. Оларды педиатр, невропатолог, хирург, тіс дәрігері мен психолог мамандар қарайды. Тексеріс кезінде жалпы клиникалық зерттеулерден өтіп, томографияға да түсуге болады.
Дәрігерлер сондай-ақ, онкологиялық сырқатқа шалдыққан және мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау мақсатында мұндай шараларды жиі ұйымдастырады.

Мұрат Серікбайұлы, қала тұрғыны:

Мына Check-up деген өте қолайлы. Себебі бір күнде бүкіл маманнан өтуге болады. Биыл ұлым мектепке барады. Сол себепті осы акцияны пайдаланып, осы жерден өтіп жатырмыз.

Хабарламаларға жазылу