Премьер-Министр Әлихан Смайылов Су кеңесінің отырысын өткізді.
Жиында саладағы бюрократияны жою, басқару тиімділігін арттыру жайы сөз болды. Мәселен, қазір сумен жабдықтау, сумен қамтамасыз ету секілді функцияларға әртүрлі мемлекеттік органдар жауап береді. Енді мұның бәрін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне жүктеу көзделген.
Сондай-ақ Сырдария өзенінің жағдайы да қаралды. Қазір ол таязданып, су азайып барады. Шаруалар тіршілік нәрінен тарықпас үшін Қазақстан мен Өзбекстан өзара келіссөз жүргізіп, су қоймалары толтырылып жатыр.