Инфрақұрылым, жол, су мәселесі: Вице-премьер Ақмола облысының халқымен кездесу өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инфрақұрылым, жол, су мәселесі: Вице-премьер Ақмола облысының халқымен кездесу өткізді

21.05.2022

Премьер-министрдің орынбасары, Қаржы министрі Ақмола облысының халқымен кездесу өткізді.

Ерұлан Жамаубаевтың аймаққа жұмыс сапары өндіріс орындарын аралаудан басталды. Сүт өнімдерін шығаратын зауытты аралап, Родина ауылындағы мектепке барды.

Өңір тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерге қатысты сұрақтарына жауап берді. Тұрғындарды негізінен жарық, жол мен су проблемасы толғандырады. Мәселен, Қоянды елдемекенінің жұрты электр энергиясына зәру. Министрдің айтуынша, желілерді тартып, мәселені шешу үшін 1 млрд 700 млн теңге қажет. Қазір оның 1 миллиарды бөлінген. Қалған қаржыны бюджетті жоспарлау кезінде қарастырамыз деді. Өзге мәселелер де ретімен шешімін таппақ.

Ерұлан Жамаубаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі:

Ауылды мекендер жоғары қарқынмен дамып жатыр. Халықтың саны өсіп жатыр. Инфрақұрылым керек, жол керек, су керек, электр қуатын арттыру керек. Әрине, бәрі өзекті кешенді мәселелер. Бұл бір күнде шешіле салатын мәселе емес. Бірақ соған қарамастан Нұр-Сұлтан қаласының жан-жағындағы ауылдарға қаражатты көптеп бөлуді қарастырып отырмыз.


Хабарламаларға жазылу