Ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмекті жақсарту керек. Ол үшін өңірлерде «Құрсақтағы сәбиді қорғау орталықтарының» жұмысы жетілдіріледі. Ультрадыбыстық скрининг жүргізетін 100-ден аса дәрігер маман қайта оқытылады. Шала туған сәбилерге көмек көрсету шаралары күшеймек. Денсаулық сақтау министрлігі жаңа туған нәрестелер мен балалардың түрлі скринингін жүргізу мақсатында перзентханаларды заманауи жабдықтармен қамтамасыз етуді қолға алған. Аталған шаруалар Алматыда өткен «Ана мен бала» халықаралық форумында талқыланды. Жиынға отандық медицина қызметкерлері мен қатар шетелдік білікті мамандар қатысып, саладағы өзекті мәселелердің шешу жолдарын қарастырды.
Шәкизат Халықова, ҚР ДСМ Аналар денсаулығын сақтау басқармасының басшысы:
Бүгінгі таңда балалардың дені сау болып туылуы үшін, мүгедек балалардың санын азайту үшін жүктілік кезінде әйелді дұрыс бақылау керек.