Түркияның Стамбул қаласында бокстан өтіп жатқан Әлем чемпионатында отандасымыз Алуа Балқыбекова финалға жолдама алды.
48 келіде жұдырықтасқан қазақ спортшысы жартылай финалда болгариялық Севда Асенованы 1-ші раундта нокаутқа жіберді. Сонымен қатар, кеше Қазақстан қоржынына 4 бірдей медаль түсті. 52 келіде Жайна Шекербекова, 54 келіде Дина Жоламан, 57 келі салмақта Карина Ибрагимова және 70 келіде Валентина Хальзова әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанды.
Дарын Сағитов