Павлодарда 9 қабаттан құлаған бір жарым жастағы бала қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда 9 қабаттан құлаған бір жарым жастағы бала қайтыс болды

19.05.2022

Павлодарда 9 қабаттан құлаған бір жарым жастағы қыз бала қайтыс болды. Естерінізге сала кетейік, жазатайым жағдай осыдан үш күн бұрын орын алған болатын. Жоғарыдан төмен құлдилаған бүлдіршін төмендегі дүкен шатырына түскен. Ауруханаға жеткізілгеннен кейін бірден өкпесін жасанды желдету аппаратына қосқан. Бірақ бала сол күйінше есін жинай алмаған.

Айжан Әкімбекова, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушы :

Баланың миына қатты зақым келген. Бірнеше жерден сынық болды. Бауыр, бүйрек, өкпе бәрі бүлінген. Қан көп кеткен. Балалар облыстық ауруханасының дәрігерлері үш тәулік бойы арпалысқанымен ажалға араша тұра алмады. Өкінішті жағдай.


Хабарламаларға жазылу