Түркістан-Ташкент-Самарканд-Бұқара бағытындағы туристік дәліздің ауқымы кеңейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан-Ташкент-Самарканд-Бұқара бағытындағы туристік дәліздің ауқымы кеңейеді

19.05.2022

Түркістан-Ташкент-Самарканд-Бұқара бағытындағы туристік дәліздің ауқымы кеңейеді. Тізімге енді Тараз, Ақтау қалалары қосылуы бек мүмкін. Бұл туралы Өзбекстан Республикасының төрағалығымен Ташкентте өтіп жатқан туристік форумда айтылды. Келешекте бұл бағыт Шанхай ынтымақтастығы ұйым мүшелері елдері арасында да жалғаспақ. Туристік индустрияны дамытуға бағытталған шара жайлы тікелей эфирде Раушан Сайлауқызы толығырақ баяндайды.

Раушан Сайлауқызы, тілші:

Жалпы Әлем халқының 44 пайызы осы ШЫҰ мүше елдердің тұрғындары .Тек 2019 жылға дейін осы 8 елден 250 млн турист демалған. Демек туристік нарық үлкен. Саланы дамытуға мүмкіндік кең. Бүгін бас қосқан Қазақстан, Үндістан, Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан сияқты Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің өкілдері ішкі туризмді дамыту міндетін алға қойып отыр. Кездесуде туристік ведомстволардың басшылары туристік саяхаттарды жедел жаңғыртудың бірлескен бастамаларын ұсынды. Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары Туризм және мәдени мұра министрі Азиз Абдухакимов туристік бизнесті тарта отырып, талқылаулар өткізу, 8 елде танымал туристік бағыттардың базасын жасақтау, Біріктірілген ортақ бағыттарды бекіту, туризм индустриясын цифрландыру, және бұл процеске ұйымға мүше елдердің жастарын тарта отырып, өзара тәжірибе алмасу мәселелерін ұсынды. Жиында мәдени мұраны сақтау және насихаттау мәселелері қаузалды. Алдағы уақытта Түркістан ташкент Самарқанд Бұқара бағытындағы туристік дәліздің ауқымы кеңейе түспек.

Бұл жиынның Өзбекстанда өтуі тегін емес. Өздеріңізге белгілі бауырлас елде бұл сала көш ілгері. Пандемияға дейін 2019 жылы 1 жылда 7 млнға жуық турист келген. Форум ертең де жалғасады. Алдағы отырыстардың күн тәртібінде ШЫҰ-на мүше елдердің арасындағы Туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы келісім жасалып, музей ісі саласындағы өзара әріптестік туралы меморандумдарға қол қойылады деп күтілуде.


Хабарламаларға жазылу