«Қазсушардың» қызметі сынға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазсушардың» қызметі сынға алынды

19.05.2022

«Қазсушар» компаниясы орынсыз шығындалып отыр. Шығыс Қазақстандағы бөгеттер мен су қоймаларын қалпына келтіру негізсіз кешіктіріліп жатыр. Бұл - жобаның қымбаттауына әкеп соқтырады. Осы мәселені көтерген депутат Үкімет басшысына сауал жолдады. Уақытылы қаржыландырылмаса 28 мың гектардан астам суармалы жер құрғап, өндірушілердің де, елді мекен тұрғындарының да берекесі кетеді, дейді ол.

Дүйсенғазы Мусин, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Жөндеу жұмыстарының негізсіз кешігуіне байланысты Зайсан ауданындағы Үйдене су қоймасын қалпына келтіру құны 851 миллион теңгеге өсті, ал Қарғыба өзеніндегі бөгетті жөндеу 320 миллион теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.


Хабарламаларға жазылу