Батыс Қазақстан облысында үстіне теледидар құлаған 2 жасар бүлдіршіннің жағдайы әлі ауыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында үстіне теледидар құлаған 2 жасар бүлдіршіннің жағдайы әлі ауыр

18.05.2022

Батыс Қазақстан облысында үстіне теледидар құлаған 2 жасар бүлдіршіннің жағдайы әлі ауыр. Бүлдіршін ес-түссіз күйде облыстық Балалар ауруханасының жансақтау бөліміне түскен. Бұдан бұрын ол аудандық ауруханада ем алған. Оқиға болған күні әкесі екеуі Бәйтерек аудандық ауруханасына анықтама қағазын алу үшін дәрігерге келген. Ер адам кезек күтіп отырғанда, бала ойнап жүрген. Абайсызда теледидар тұрған жиһазға мініп, тұрмыстық техника үстіне құлайды. Аудандық ауруханада ем қабылдаған бала кейін реаномобильмен облысқа жеткізілген.

Болат Әлібаев, травмотолог-ортопед:

Келген кезде жағдайы ауыр болды, ес-түсі жоқ, талған күйінде. Жансақтау бөліміне жатқызылды. Балада бас ми жарақаты, бас ми соғылуы және де маңдай-самай сүйегінің сынуы анықталды. Қазір баланың жағдайы тұрақталғаннан кейін ата-анасының қасына аударылды. Жағдайы әлі ауыр.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу