Үндістанның солтүстік-шығысындағы Ассам штатында қатты жауын салдарынан су тасып, жарты миллионнан аса адам үйлерін тастап кетті. Муссон жаңбырлы маусымы жақындап келеді. Аймақтағы жағдай алдағы уақытта тіпті нашарлауы мүмкін. Мұны жергілікті метеорологтар ескертті.
Елді мекендерді топан су жайлап, тұрғындар көшелерде қайықпен қатынап жүр. Ассам басшылығының айтуынша, Тибеттен бастау алып, Үндістан мен Бангладешке құятын әлемдегі ең үлкен өзендердің бірі тасыған. 1500-ден аса ауыл мен егістік алқабын су басты. Дегенмен, табиғи апаттан құрбан болғандар туралы мәлімет түскен жоқ.
Арыстан Рысбек