Павлодарда 10 бірдей мектепке бомба қойылды деген хабар жалған болып шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда 10 бірдей мектепке бомба қойылды деген хабар жалған болып шықты

19.05.2022

Павлодарда 10 бірдей мектепке бомба қойылды деген хабар жалған болып шықты.

Есесіне полиция, саперлер бөлімшесі, кинологтар кешкі сағат 19.00-ден бастап дүрбеленге түсті. Дәл осы уақытта қаладағы алты мектеп және аудандардағы төрт мектептің электронды пошталарына хабарлама келіп түскен. Сабақ аяқталған кез болғандықтан адамдарды эвакуациялау жүргізілген жоқ. Арнайы техниканың көмегімен тексерген кезде жарылғыш зат табылған жоқ. Тергеу тобы құрылды. Олар енді жалған хабар таратушыны ІР мекен жайы бойынша іздейтін болады. Алайда тәжірибе көрсеткендей бұндай «қылжақбастар» электронды пошталарын шетелдік серверлер арқылы тіркеп алады, дейді полиция қызметкерлері.


Хабарламаларға жазылу