Елордадағы «Қазақстан темір жолы» ғимаратына бомба қойылды деген жалған ақпарат бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің өкілдері мәлімдеді. Кеше акционерлік қоғамның электронды поштасына белгісіз біреуден ғимаратқа жарылғыш зат қойылғаны туралы хат келген. Арнайы қызметтің шұғыл көмегімен адамдар эвакуацияланды. Тексеру барысында ақпарат расталмады. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ.