Финляндия мен Швеция НАТО-ға қосылу туралы ресми өтініш берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Финляндия мен Швеция НАТО-ға қосылу туралы ресми өтініш берді

18.05.2022

Финляндия мен Швеция НАТО-ға қосылу туралы ресми өтініш берді. Іс-шара әскери альянстың штаб-пәтерінде өткен. НАТО-ның бас хатшысы екі елдің елшісін қабылдай отырып, олардың өтініш беруі - тарихи қадам екенін айтты. Хельсинки мен Ослоны ұйымға қосу туралы хаттамаларға маусымда қол қойылып, кейін одаққа мүше елдерде ратификациялаудан өтеді. Кейбір мәліметтерге қарағанда, Финляндия мен Швеция жыл соңына таман НАТО-ның құрамына кіруі мүмкін. Қырғи-қабақ соғыс кезінде де бейтарап болған қос мемлекеттің солтүстік атлантикалық альянсқа қосылу туралы шешімі, Еуропадағы маңызды өзгерістердің бірі болмақ. Бұл мемлекеттердің ұстанымының өзгеруіне, Ресейдің Украинаға басып кіруі түрткі болған.  

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу