«Балалардың Жаңа толқыны-2014» байқауында қазақстандық Мұхаммедәли Жүгінісов 3-ші орынды иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Балалардың Жаңа толқыны-2014» байқауында қазақстандық Мұхаммедәли Жүгінісов 3-ші орынды иеленді

19.08.2014
«Балалардың Жаңа толқыны-2014» байқауында қазақстандық Мұхаммедәли Жүгінісов 3-ші орынды иеленді

«Балалардың Жаңа толқыны-2014» байқауында Қазақстан намысын қорғаған Мұхаммедәли Жүгінісов үшінші орынды иеленді.

Қырымда өткен үш күндік сайыста жерлесіміз Сейдолла Бәйтерековтің «Әлия» әнін орындаған болатын.

Он жасар Мұхаммедәли бұдан бұрын да «Аялаған Астана» байқауының  жеңімпазы атанған.

Шығармашылық отбасында дүниеге келген ол 6 жасынан бастап ән айтқан. Үшінші орын иегерлеріне «хрусталь толқынды» Лев Лещенко табыстады.

Саламат ОМАШ

Хабарламаларға жазылу