Конституциялық реформа қоғамға жаңаша серпін береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Конституциялық реформа қоғамға жаңаша серпін береді

18.05.2022

Сондықтан әр азамат жалпы халықтық референдумға белсенді қатысып, өз таңдауын жасауы тиіс. Түркістан облысының Қоғамдық штаб мүшесі Бақытжан Бейсенбаев көпбалалы аналарымен кездесу барысында маусымның бесінде өтетін саяси референдумның маңыздылығын түсіндірді. Шараның өткізу тәртібі мен міндеттерін айтып, Конституциялық реформаның бағыттарын сөз етті. Қазір еліміз дамудың жаңа жолына қадам басқалы тұр. Сондықтан әрбір қазақстандық мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістерге бей-жай қарамуы тиіс.

Бақытжан Бейсенбаев,  Түркістан облысының қоғамдық штаб мүшесі:
Референдум Қазақстанда 27 жылдан кейін екінші рет өткелі отыр. Мынау қолданыстағы Конституцияға, қазіргі заманның өзгеруіне, әлем өзгерді. Жалпы Қазақстанның жағдайы өзгерді, адамның өзі өзгеруіне байланысты бізге жаңа заман талабына сай заңдар қажет. Сондықтан біз Ата заңымызға қатысты өзгерістер енгізу қажеттілігі туындап отыр.


Хабарламаларға жазылу