Биылғы үш айда жалпы ішкі өнімнің бәсеңдеуіне коронавирус пандемиясының салдары әсер еткен. Қызмет көрсету саласы қиындықтарға тап болып, шикізат бағасы қымбаттады. Әлемнің үшінші экономикасы саналатын Жапонияда жалпы ішкі өнімінің өсімі 1 пайызға төмендеп отыр. Тұтынушылардың сатып алу белсендігі бәсеңдеген. Бұл көрсеткіш ел экономикасының жартысынан көбін құрайды. Ал экспорт көлемінің артуы жағдайға сәл де болса оң ықпалын тигізіп отыр.
Арай Төлегенқызы