Щучинск қаласында базар өртеніп, бір адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Щучинск қаласында базар өртеніп, бір адам қайтыс болды

18.05.2022

Бүгін таңғы 5-тің шамасында қаладағы «Жомарт» сауда орнының бір ғимараты қызыл жалынға оранды. Оқиға орнына жүзге жуық өрт сөндіруші мен 25 техника тартылған. Тілсіз жау 45 минутта сөндірілген. Төтенше жағдай қызметінің мамандары оқиға орнынан ер адамның денесін анықтады. Ол осы жердің күзетшісі болуы мүмкін.

Думан Далешов,  мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы:
Өрт сөндіру барысында ер адамның денесі табылды. Қазіргі таңда қаза болған адамның тұлғасы анықталуда. Өрттің шығу себебін анықтау мақсатында департамент техникалық зертханасы, полицейлер жұмыс істеуде. 


Хабарламаларға жазылу