Qnet компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Qnet компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

18.05.2022

Qnet желілік компаниясына қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов хабарлады. Аталған компанияға Қылмыстық кодекстің 217-бабы бойынша яғни, қаржылық инвестициялық пирамиданы құрды және оған басшылық етті деген айып тағылып отыр. Тергеу барысы ҚР Бас прокуратурасы, Ішкі істер министрлігі, Алматы қаласы прокуратурасы мен Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Айта кетейік, компания желілік маркетинг жүргізеді, онда адамдар түрлі зергерлік бұйымдар мен басқа да тауарларды сатумен айналысады. Бастапқы салым сомасы – 30 доллар. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарына азаматтардан 220 шағым тіркелген. Келген шығын көлемі 160 млн теңгеден асып жығылады.

Нұрсұлтан Тілектесов

Хабарламаларға жазылу