Еліміз Сарыбұлақ кен орны арқылы Қытайға газ экспортын тоқтатуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміз Сарыбұлақ кен орны арқылы Қытайға газ экспортын тоқтатуы мүмкін

17.05.2022

Еліміз Сарыбұлақ кен орны арқылы Қытайға газ экспортын тоқтатуы мүмкін. Бұған дейін Зайсан ауданының тұрғындары кен орнындағы көгілдір отын 10-12 жылға ғана жетеді деген ақпараттан соң сыртқа сатуға шектеу қоюды талап еткен. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов экспорттың уақытша тоқтағанын мәлімдеді. Қазір бірлескен жұмыс тобы мәселені жан-жақты зерттеп жатқанын жеткізді. Нәтижесіне қарай қосымша геологиялық барлау жүргізілуі мүмкін дейді. Жалпы еліміз газ экспортын азайтуы мүмкін. Энергетика министрлігі ішкі нарықтың сұранысы жыл сайын артқан соң, осындай болжам жасаған. Былтыр 53,8 млрд текше метр газдың 7,2 млрды Қытай, Ресей және Қырғызстанға сатылған.  

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу