Жеңілдетілген автонесие алу үшін екі мыңнан астам адам өтініш берген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеңілдетілген автонесие алу үшін екі мыңнан астам адам өтініш берген

17.05.2022

Банктер жеңілдетілген автонесие бойынша 2 мыңнан аса өтініш қабылдады. Әзірге ондай операциямен екі қаржы институты айналысып жатыр. Жалпы, өнеркәсіпті дамыту қоры төрт банкке рұқсат берген. Соған байланысты басқалары келесі аптада жұмысын бастамақ.

Олжас Сапарбеков, ҚР ИИДМ индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары:
Екі банк өтініштерді кешеден бастап қабылдап жатыр. Бұлар «Банк ЦентрКредит» пен «Еуразиялық банк». 2 мың 200-ден аса өтініш түскен. Қазір өңдеуде. Ал, басқа банктер бойынша корпоративтік мәселелер пысықталуда.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу