Бұл медицина саласына енгізілген жаңа емдеу әдістерінің арқасы. Бізде жылына 600-ге жуық бала онкологиялық және гемотологиялық аурулармен аурады. Бүгінде дертпен күресу үшін ауқымды шаралар атқарылып жатыр. Атап айтсақ екі республикалық клиника мен өңірлерде арнайы кабинеттер жұмыс істейді. Сырқатқа шалдыққан балалар химиотерапияның көпкомпонентті бағдарламалары, хирургиялық, сәулелік терапия, дің жасушаларын трансплантациялау әдістерімен емделіп жатыр. Тиісінше қатерлі дертке шалдыққан балалардың өмір сүру ұзатығы соңғы 10 жылда орта есеппен 70 процентке дейін ұлғайған. Бұл көрсеткішті одан әрі жақсарту мақсатында, жыл сайын қатерлі ісігі бар ұл-қыздарды емдеудің жаңа технологиялары енгізіліп жатыр.
Ләззат Манжуова, «Педиатрия және балалар хирургиясы орталығы» басқарма төрағасының орынбасары:Бұрын бұл технологияларға біз балаларды шет елге жіберетінбіз. Қазір оны өзіміз жасаймыз. Кейбір кездерде технология бізде жасалынбаса республикалық орталықтардан арнайы хаттама фондқа жіберіліп, балалар мемлекет арқылы тегін шет елге жіберіледі.
Нұрсұлтан Тілектесов