«Тамғалы» музей-қорығы мәдени туризмнің халықаралық орталығына айналады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Алматы облысындағы жұмыс сапарында мәлімдеді.
Жамбыл ауданындағы музей-қорықты аралап, болашақта салынатын визит-орталықтың жоспарымен танысып, өңір басшысымен ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне кіретін «Тамғалы» Мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығын дамыту жолындағы ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
Жазира ИСАЕВА