Қазақстандықтардың басым бөлігі алдағы референдумға қатыспақ ниетте. Бұл әлеуметтік сауалнамалардың қорытындысы. «Қоғамдық пікір институты» бірлестігі мен Орталық коммуникациялар қызметінің мамандары тұрғындарға бірнеше сауал қойған. Оның нәтижесінде азаматтардың 62-ден 73 пайызына дейін референдумға барып, дауыс беруге ниетті. Жалпы сұралғандардың 73 проценті Конституцияға енгізіліп жатқан өзгерістерді қолдайды. Ал сауалнамаға қатысқандардың 78 пайызы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатын қолдап отыр.
Шерхан Жамбылұлы