Қазақстан Әзербайжан және Грузиямен бірлесіп транзиттік дәлізді дамытады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі үш елдің бірлескен кәсіпорын құруды жоспарлап отырғанын хабарлады. Экспорттық-импорттық жүктер контейнер және вагонмен Транскаспий халықаралық бағыты арқылы тасымалданады. Бірлескен кәсіпорын халықаралық нарықта әр елдің атынан жұмыс істейді. Бір терезе қағидасы арқылы тиімді баға белгіленіп, тасымалдаушыларға қызметті тез арада көрсетпек. Алда жобаны іске асыру үшін жұмыс тобы құрылады.
Ақерке Бектас