Енді ақылы автотұрақтар көк түсті жолақпен белгіленеді. Алғашқы жолақ Нұржол бульварындағы тұраққа салынды. Мамандар көк белгі көлік жүргізушілері үшін ақылы тұрақ кеңістігінің шекарасын тез анықтауға көмектеседі деп санайды. Алғашқы ақылы тұрақ елордада 2018 жылы пайда болды. Олар таңғы сегізден кешкі сегізге дейін жұмыс істейді. Қазір 279 тұрақ, 5300-ден аса орын ақылы. «Астана тұрақ кеңістігі» серіктестігінің берген мәліметіне қарай, бүгінге дейін жоба тұрақ үшін 100 млн теңге жинаған. 1 млрд теңге жергілікті бюджетке түскен.
Ақерке Бектас