Алматыда жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрғандардың саны 13 мыңнан асады. Бұл туралы қалалық Жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлова мәлімдеді. 2017-2021 жылдары «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша, мыңнан аса адам техникалық, кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді оқумен қамтылған. Сонымен қатар, 1300 тұрғынға 583 400 теңге көлемінде қайтарымсыз несие берілген. Жалпы осы бағдарламаның аясында, 40 мыңға жуық адам жұмысқа орналасқан.
Қуан Нұрақын