Қазақстандықтар шомылуға рұқсат етілген орындарды мобильді қосымша арқылы біле алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар шомылуға рұқсат етілген орындарды мобильді қосымша арқылы біле алады

16.05.2022

Судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Маусымның 1-інен бастап суға шомылу кезеңі басталады. Қазір ел бойынша шомылуға рұқсат етілген 490 орын белгіленген. Онда қазір 104 медициналық бекет жұмыс істейді. Бүгін төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері 25 адам суға кетіп, 9 адам құтқарылғанын айтты. Сонымен қатар, елімізде құтқарушылар балаларды суда жүзуге үйрету жұмыстарының қызу кіріскенін де жеткізді. Қазақстандықтар шомылуға болатын орындарды мобильді қосымша арқылы біле алады.

Бауыржан Сыздықов, ҚР ТЖМ азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы: 
Халық арасында 122 мыңға жуық үнпарақтар, парақшалар, жарнамалар таратылды. Су айдандарында 2100-ден астам қауіпсіздік белглілері орнатылды. Бұдан басқа 2GIS картографиялық платформасында еліміздің бардық өңірлеріндегі су айдындарында суға тыйым салынған және рұқсат етілген орындар туралы мәліметтер орналастырылған. 


Хабарламаларға жазылу