Каспий жағалауынан табылған итбалықтар қыс мезгілінде өлген болуы мүмкін
Маңғыстау облысында тағы да өлген итбалықтар табылды. 60-тан астам су жануары мен 5 бекіре тұқымдас балықтың өлексесі Форт-Шевченко қаласындағы теңіз портының маңында жағаға шығып қалған. Олардың неден қырылғаны әзірге белгісіз. Себебін анықтау үшін теңіз суы мен ауадан сынамалар алынған.
Айта кетейік, жуырда ғана Қажанбас кен орны су бөгетінен 100-ге жуық өлі итбалық табылған.
Аслан Жеңісұлы, ҚР ЭГТРМ балық шаруашылығы комитетінің ресми өкілі:Каспий жағалауынан табылған 64 итбалық пен 5 бекіре тұқымдас балық қыс мезгілінде өлген болуы мүмкін. Мамандардың айтуынша, осыған дейін табылған өлі итбалықтар дерегі осыған ұқсас. Сондай-ақ зерделеу барысында өлекселер қатты шіріп, ыдыраған күйде табылды. Олардың қаңқалары жақында оңтүстік батыстан соққан қатты дауылдан кейін жағаға шығып қалған.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да көпірлердің техникалық жағдайы тексеріліп жатыр
17.09.2025, 20:42

Алматыда қала көшелері су астында қалды
17.09.2025, 20:19
Интернет алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
17.09.2025, 20:19
Елімізде архив қызметкерлерінің жалақысы өседі
17.09.2025, 20:15
Болашақтың айқын бағдары
17.09.2025, 20:08
Интернетте экстремистік идеялардың таралуына қарсы тұру маңызды
17.09.2025, 20:07
Astana Motors: көлік бағасы арзандады
17.09.2025, 20:06
Астана - әлемдік дін көшбасшыларын біріктіретін алаң
17.09.2025, 20:03