Мұндай оң өзгеріске – аналардың денсаулығын жақсарту, перинаталдық және неонаталдық көмекті жетілдіру сынды себептер әсер еткен. Қазір перзентханаларда бала өмірге келе салысымен оған скриниг жасалып, денсаулығы жіті тексеріледі. Жыл басынан бері 92 мыңнан астам шақалақ тексеріліп, 1 242-сінің психо-физикалық дамуында ауытқу анықталды. Қазір олар дәрігерлердің бақылауында. 6 жасқа дейінгі 1 млн-нан астам балаға аудио скриниг жасалып, 220-дан астамынан түрлі дәрежедегі құлақ мүкістігі анықталды. Бүгінгі таңда елімізде 249 перзентхана бар. Жыл соңына дейін оларға баланың сырқатын ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік беретін 50-ден астам заманауи құрылғы сатып алынады.
Елена Плужникова, «Перинатология және балалар кардиохиругиясы орталығы» бас дәрігерінің орынбасары:Шала туылған нәрестелердің көбіне дене салмағы әдеттегіден 100-ден 500 граммға жеңіл болады. Бұл кемшіліктер баланың қалыпты өсуіне кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан біз шақалақ туыла салысымен бірден скрининг жасап, сырқатын анықтаймыз. Сосын тиісінше ем-дом шараларына көшеміз. Қажет болса хирургиялық коррекция жасаймыз.
Нұрсұлтан Тілектесов