38 жастағы тұрғын өзінің жымысқы әрекетін Әуезов, Бостандық және Медеу аудандарында іске асырған. Ол базар, қоғамдық орындар мен аулаларда зейнеткерлерді іздеп, ауыр заттарын көтеруге көмектескісі келген кейіп танытып, ақша, ұялы телефондары мен басқа да бағалы заттарын ұрлап отырған. Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті бұған дейін де осыған ұқсас қылмысы үшін сотты болған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Нұрсұлтан Тілектес