Қазақстан мен Әзірбайжан арасында телеөнімдерді алмасу жайы талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Әзірбайжан арасында телеөнімдерді алмасу жайы талқылады

14.05.2022

Түркиядағы құрылтай аясында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Түркия Президенті жанындағы Ақпараттық байланыс басқармасының басшысы Фахреттин Алтунмен екіжақты кездеу өткізді.

Тараптар ақпарат саласындағы ынтымақты тереңдетіп, бірлесе жұмыс істейтін бағыттарды арттыру мәселесін талқылады.

Сондай-ақ министр Әзірбайжан Президентінің көмекшісі әрі Сыртқы саясат жөніндегі басқарма басшысы Хикмет Гаджиевпен де кездесті.

Жиында екі елдің медиа саласындағы байланысын нығайту және телеөнімдермен, оның ішінде анимациялық фильмдер алмасу жайы талқыланды.

Хабарламаларға жазылу