Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай және 3 қыркүйек Маңғыстау ауданының туған күнін атап өту мақсатында «Мәңгілік елді жырлаймын...» атты облыстық жас ақындар айтысы болады.
Сөз додасында Абай Жолмағанбетов, Азамат Орынбасаров, Арғынбек Қалбаев, Райымбек Түзелов, Еркебұлан Төреханов, Сүлейменов Алтынбек, Фархад Мұсаев, Жанар Айлашова сынды ақындар бақ сынасады.
Сондай-ақ, мәдени шарада Әзірбайжан Қонарбаев, Нұрлан Мұсаев, Арғын Бисенов, Рахат Қосбармақ, Бірғали Байекеұлы қатарлы ел ағалары қазылық етеді.
Айта кетейік, айтыс 27 тамыз күні сағат 17:00-де Маңғыстау ауданы Шетпе кентіндегі Мәдениет үйінде өтеді, деп хабарлайды kazaitys.kz.