Республикалық референдум. Депутаттар Ақмола облысының тұрғындарымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Республикалық референдум. Депутаттар Ақмола облысының тұрғындарымен кездесті

13.05.2022

5-інші маусымда өтетін республикалық референдумға тұрғындар белсенді қатысу керек. Сондықтан Мәжіліс депутаттары Ақмола облысының Бурабай ауданына қарасты Ұрымқай ауылының тұрғындарымен жүздесті. Халық қалаулылары кездесуде Конституцияға енгізілетін өзгерістер жайлы халыққа мағлұмат берді. Президентттің бірқатар өкілеттілігі Парламентке берілмек. Осылайша, заң шығарушы органның рөлі күшейіп, мәртебесі артады. Ауыл тұрғындары алдағы референдумға қатысуға ниетті екендіктерін жеткізді. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аймқтарда әлі жалғасады.

Ирина Шехтель, Ұрымқай ауылының тұрғыны: 
Референдум өткізу маңызды. Конституцияға енгізілетін өзгерістерді халық қабылдағаны дұрыс. Сондықтан мен референдум қатысамын. Ауыл тұрғындарының пікірі де осы. Бүгін депутаттар нақты қандай өзгерістер болатынын айтып берді. Енді өзара да талқылаймыз.

 Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу