Шығыс Қазақстанда екі елдің азаматтығы бар 30 адам анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда екі елдің азаматтығы бар 30 адам анықталды

13.05.2022

Шығыста биыл қос елдің азаматтығы бар 30 адам анықталды. Олардың көбі мұны жасырып келген. Глубокое ауданында 67 жастағы тұрғын 2016 жылдың қыркүйек айында Алтай өлкесінде Ресей Федерациясының азаматтығын алған. Алайда ешбір құзырлы органға хабарламаған. Зейнеткердің бұл әркеті әшкере болған соң, Қылмыстық кодекстің 496-бабы 2-бөлігі бойынша жауапқы тартылып, 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Одан жеке куәлігі мен Қазақстанның төлқұжаты тәркіленді. Ал жалпы, биыл шығыста 300-ден астам адам Қазақстан азаматтығынан өз еркімен бас тартқан.


Хабарламаларға жазылу