Павлодар облысында шағын автобус аударылып, 9 адам зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында шағын автобус аударылып, 9 адам зардап шекті

13.05.2022

Павлодар облысында шағын автобус аударылып, 9 адам зардап шекті. Екеуі қазір ес-түзсіз жатыр. Бес жолаушыға медициналық көмек көрсетілген соң олар үйлеріне жіберілген. Дәрігерлер қазір 17 және 35 жастағы науқастардың жағдайы ауыр дейді. Жол апаты Баянауыл ауылынан 20 шақырым жерде болған, жолаушылар автобусы жеңіл көлікпен соқтығысқан. Науқастарды облыс орталығына жеткізу үшін санитарлық авиацияның көмегіне жүгінуге тура келді.

Дархан Мүслиманов,  қалалық аурухананың жансақтау және интенсивті терапия бөлімінің меңгерушісі:
Ес түзсіз жатқан науқастың екеуі де бас ми жарақатын алған, кеуде қуысына зақым келген. Жасанды аппаратпен тыныстап жатыр. 16 жастағы бозбала балалар ауруханасына ауыстырылды, жансақтау бөлімінде жатыр.


Хабарламаларға жазылу