Онлайн және офлайн режимде өткен семинарға 130-дан астам адам қатысты. Олар республикалық референдумның өту тәртібі мен дайындығы туралы ақпаратқа қанықты. Конституцияға өзгерістер енгізу туралы заң жобасы бойынша мағұлмат алып, референдумды өткізудің құқықтық негіздерін үйренді. Қаржыландыру, электораттық оқытуды ұйымдастыру процесінің ерекшеліктері жөніндегі ережелермен танысты. Сонымен бірге заңнаманы бұзуға қатысты жаупкершілік мәселелері де түсіндірілді.
Айгерім Тажиева, ОРК талдау және коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі:
Семинарымыздың негізігі мақсаты қоғамдық ұйым өкілдеріне республикалық референдум қатысты барлық сұраққа арналған Өткізу тәртібі бойынша, заңнама бойынша жауап, заң жауапкершілігі бойынша да түсініктеме беріледі.
Қонысбек Терекұлы