Елордада бірнеше көше жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады. 13-16 мамыр аралығында Қабанбай батыр даңғылының Қорғалжын тас жолынан Сарайшық көшесіне дейін көлік қозғалысы тоқтатылады. Соған орай жолда кептеліс тудырмас үшін қала тұрғындары мен қонақтары барар бағытты алдын ала жоспарлағаны дұрыс.