Түркістан облысында әжетханаға құлап кеткен бүлдіршін құтқарылды. Бір жастан енді асқан бала ойнап жүріп, тереңдігі төрт метрлік нәжіс толы шұңқырға түсіп кеткен.
Оқыс оқиға Қазығұрт ауданының орталығындағы үйлердің бірінде болған. Дәретханаға түсіп кеткен баланы ата-анасы байқап қалыпты. Тесігі кішкентай болған соң өздігінен шығара алмаған. Құтқарушылардың көмегіне жүгінген. Оқиға орнына жеткен төтенше жағдайлар қызметкерлері сәбиді арнайы арқанның көмегімен шығарып алды. Алғашында дыбыс шығармай қалған бүлдіршін кейін жылай бастапты. Жедел жәрдем қызметкерлері баланы ауруханаға жеткізген. Ондағы дәрігерлер жағдайы тұрақты болған соң, үйіне қайтарды.
Айнұр Ақбаева