Петропавлдағы гемодиализ орталығы жұмысын тоқтатуы мүмкін. Оған медициналық мекеменің 8 жыл бойы жалға алып келген ғимараттан айрылып қалуы себеп.
Жыл басында тендер жарияланып, нысанды пайдалану құқығын ақтөбелік емхана ұтып алған. Алайда аталған медициналық мекеменің науқастарға гемодиализ қызметін көрсетуге лицензиясы жоқ. Ал өңірде бүйректің жасанды қызметіне мұқтаж 200-ден астам адам тіркелген. Бірнеше гемодиализ орталығы жұмыс істеп тұр. Біреуінде ғана реанимация бөлімі бар.
Татьяна Сукманюк, Гемодиализ орталығының емделушісі:Екі бүйрегім алынып тасталған. Сондықтан қан қымысы кейде көтеріліп, кейде түсіп кетеді. Бірде гемодиализ барысында бүйрегім жарылып кетіп, дәрігерлер мені аман алып қалды. Егер қаладағы басқа орталықта болсам, креслода жан тапсыруым мүмкін еді. Себебі олардың ешқайсысында осындағыдай жарақтандырылған жансақтау бөлімі жоқ.
Жалға алған компания гемодиализ орталығының ұжымына ғимаратты 15 мамырға дейін босатуға уақыт берген. Әзірге бұл нысанды қандай мақсатқа пайдаланатындары белгісіз.
Жанна Мауытова, 3 қалалық көпбейінді аурухананың жетекшісі:Ғимарат облыстық әкімдік меншігінде. Оны қаржы басқармасы мемлекеттік сатып алу тәртібіне сәйкес жалға береді. Тендерді жеңіп алған компанияның лицензиясы болмағандықтан, гемодиализ қызметін көрсете алмайды. Ал, қазір жұмыс істеп тұрған орталыққа аурухана жанынан басқа орын беру мәселесі қарастырылуда.
Элбмира Кәленова